Шөлдерін қандырды

01.08.2019

Терезенің сыртында ыстық жаз. Құрғақшылық болды-жеті ай бойы әлемдік деңгейдегі марапаттар болған жоқ. Міне, 31 шілдеде "жаңбыр жауды": он екі жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) үстел теннисінен әлемдік "ITTF World Hopes Week and Challenge" күміс медалін жеңіп алды. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваның пікірі: "Таиландтағы " Asia Hopes Week " турнирінде жеңіске жеткеннен кейін, біз Аланмен бірге Әлемдік Hopes командасына кіру міндетін қойдық, одан әрі, Оманда көшбасшылардың үштігіне кіру сияқты. Бұл біздің қолымыздан келді, тапсырманы орындадық. Бұл кадеттер үшін өте беделді жарыс, үлкен спорттағы бастама алаңы болып табылады. Енді Алан (ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясының қамқорлығымен жыл бойы 12 халықаралық турнирлерге қатысады. Мен республикалық федерацияның басшылығына "Asia Hopes Week", "ITTF World Hopes Week and Challenge" турнирлеріне қатысуға мүмкіндік бергендері үшін, және де осы спорт түрін дамытуға қосқан зор үлестері үшін ризамын". 31 шілде күні қазақстандық үстел теннисі әуесқойлары шөлдерін қандырды.

Та

Талап Қойбағаров