Ширек финалда тек Анель ғана

02.12.2021

21 жасқа дейінгі спортшылар 46-мыңдық Лохья қалашығында үстел теннисінен "Finland Open" халықаралық турнирін ашты. Қазақстандықтар арасында ширек финалға дейін жеткен Анель Бақыт (суретте) ең табысты өнер көрсетті. Ол Виктория Мочалкинаны (Қазақстан) 3:0, Жозефина Хаагенсенді (Дания) 3:2 есебімен жеңіп, "Finland Open" рейтингісінде 21 жасқа дейінгілер арасында бірінші орындағы, литвалық Корнелия Рилискиттен 0:3 есебімен ұтылды.

Алан Құрманғалиев Бенджамин Пигготтаны (Англия) 3:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалға шығу үшін ойында Ян Валенттен (Чехия) 1:3 есебімен ұтылды. Виктория Мочалкина Фанни Доутаздан (Швейцария) 3:0 есебімен басым түсті, алайда Анель Бақыттан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Қалған жастарымыз Темірлан Ким, Сарвиноз Мирқадірова, Александра Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова, Ангелина Романовская бірінші шептен өте алмады.

Талап Қойбағаров