Үшінші орында қазақстандықтар

18.09.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында өтіп жатқан "WTT Сontender Almaty" халықаралық турнирінің соңғы күні ерлер арасындағы жұптық разрядта үшінші орынды қазақстандықтар Денис Жолудев пен Сағантай Құрмамбаев иеленді. Олар Дастан Кенжеғұловты/Ырысбек Артықметовты (Қазақстан) жеңді, корей ойыншылары Чан Уджин/Лим Джонхун медициналық себептер бойынша келмеулеріне байланысты олардан ары қарай өтті, ал жартылай финалда Линь Юньжу/Ляо Чен-Тинден (Тайбэй) ұтылды.

Аралас разрядта "WTT Сontender Almaty" чемпиондары Линь Юньжу/Чэн Сзу-Ю (Тайбэй) болды.

Бүгін жеке және жұптық разрядтарда финалдық матчтар өтеді.