Үшінші орын - біздікі!

21.05.2018

Бангкокте (Тайланд) үстел теннисінен ITTF Challenge әлемдік сериясы турнирінде Астаналық Кирилл Герасименко сәтті ойын көрсетті. Жартылай финалға дейін қазақстандық ойыншы Давид Сердароглуды (Австрия), Ю-Хсин Фенганы (Тайвань), Федор Кузьминды (Ресей), Су Шиды (Гонконг) ұтқан болатын. ½ финалда Сюй Жуйфенгтен (Қытай) 2:4 есебімен ұтылып қалды, сөйтіп қорытынды үшінші орынды иеленді. Кирилды қола жүлдесімен құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров