Шегінерге жол жоқ

21.02.2022

Бременде өткен үстел теннисінен Германия чемпионатының 18-ші турында жергілікті «Werder» мен Бергнойштадттан келген «TTC Schwalbe» кездесті. Маусымның соңына дейін екі клубтың да міндеттері әртүрлі: матч иелері ең мықты дивизионда өз орындарын сақтап қалуға тырысуда, ал қонақтар Бундеслиганың жартылай финалына ұмтылуда.

Бремендіктер Маттиас Фальк (Швеция), Кирилл Герасименко (Қазақстан), Хунор Сёч (Румыния) арттарында 2-лига тұрғанын және шегінуге жол жоқ екенін түсініп, қарсыластарына бірден шабуыл жасап, өз қайсарлықтарымен олардың рухын бұзды.

Маттиас Фальк («Werder») - Альваро Роблес («TTC Schwalbe») 3:0

Хунор Сёч («Werder») - Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») 2:3

Кирилл Герасименко («Werder») - Альберто Мино («TTC Schwalbe») 3:2

Маттиас Фальк («Werder») - Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») 3:1.

Жалпы есеп 3: 1, «Werder» ең мықты лигада қалады.

Талап Қойбағаров