Шеберліктер мен дағдылар

12.07.2021

Павлодарда - Қазақстанның солтүстік-шығысында, ел астанасынан 450 шақырым жерде облыстың олимпиадалық резервті даярлау орталығында үстел теннисі бөлімі ашылды, онда дарынды кадеттер, юниорлар, жастар өз шеберліктері мен дағдыларын арттыратын болады. Өңірде үстел теннисін жақсы көреді, ол жоғары бағаланады, ал спортшылар әртүрлі деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетеді: Ангелина Романовская - спорт шебері, оқушылар Спартакиадасының жеке есептегі чемпионы, жұптық разрядтағы Қазақстан чемпионы, Әділ Хазкен және Әмір Амангелді - 2004 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы ел біріншілігінің күміс жүлдегерлері, Әмірәлі Қабдылуахитов - аралас разрядта 2005 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы республика чемпионы, Қадырәлі Қабдылуахитов - "Алтын күз" халықаралық турнирінің жеңімпазы. Алдағы уақытта бірқатар келешегі бар теннисшілер өсіп келеді.

Талап Қойбағаров