Шеберлік және табыс спартакиадасы

24.04.2018

Таразда IX жаздық оқушылар және Қазақстан Республикасы колледждерінің оқушылары Спартакиадасы бағдарламасы бойынша үстел теннисінен жарысы өз мәресіне жетті. Командалық турнирден кейін жас шағын ракетка шеберлері жеке, жұптық және аралас разрядтарда мықтыларды анықтады. Қыздар арасында алтын медальды 15-жасар Екібастұздық спорт шебері Ангелина Романовская ұтып алды (суретте), ол финалда 3:1 есебімен өзінің бұрыңғы қарсыласы, елдің жасөспірімдер құрамасы бойынша жолдасы, спорт шебері, Алматылық 15-жасар Анель Бақытты жеңген болатын. Қола жүлде Оңтүстік-Қазақстан облысының спортшысы Сарвиноз Мірқадірованың қанжығасына байланды. Айта кетейік, Спартакиада чемпиондары мен жүлдегерлері Алматы қаласы «Шаңырақ» мөлтек ауданындағы олимпиадалық резервтер мектеп-интернат-колледжінде жаттығады.

Жасөспірімдер арасында Шығыс-Қазақстан облысы құрамасының құрамындағы командалық есептегі республика чемпионы Семейлік 14-жасар Сағынтай Құрмамбаев ерекше көзге түсті. Шешуші ойында ол Ескендір Харкиге (Жамбыл облысы Масанчы ауылы) ешқандай мүмкіндік бермеді 3:0. Үшінші орынды қола медальмен Ырысбек Артұқметов жеңіп алды (Оңтүстік-Қазақстан облысы).

Жасөспірімдер (жұптық разряд)

1 орын Бағдәулет Акімәли – Ырысбек Артұқметов (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын Нурпеис Дарханбай және Бекзат Байзақ (Оңтүстік Қазақстан облысы)

3 орын Сағынтай Құрмамбаев - Дарын Кеңесқанов (ШығысҚазақстан облысы)

Қыздар (жұптық разряд)

1 орын Сарвиноз Мірқадірова – Озода Азатова (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын Ангелина Романовская – Аймира Бақанова (Павлодар облысы)

3 орын Анель Бақыт – Дільназ Жүніс (Алматы)

Аралас жұп

1 орын ЕскендірХарки – Айкерім Асықбек (Жамбыл облысы)

2 орын Ырысбек Артұқметов – Озода Азатова (Оңтүстік Қазақстан облысы)

3 орын Максим Прадедов – Анель Бақыт (Алматы).

Енді Спартакиада қатысушылары Алматыға қарай қоныстанып және 24 нен 30 сәуір аралығында Қазақстан чемпионатында 2003 ж.т және одан да жас спортшылар арасында өз өнерлерін көрсетпек.

Талап Қойбағаров