Шеберлік пен бәсекелестік тәжірибесін арттыру

18.02.2022

Үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионаты кеңеюде. Егер өткен маусымда спортшылар екі лигада ойнаса, биыл төрт лигада өнер көрсетеді: Суперлига - 10 клуб, Бірінші лига (бұрынғы Жоғарғы лига) - 10, Екінші лига - 11, Үшінші лига - 23. Чемпионаттың басты мақсаты: үстел теннисін насихаттау, шеберлік пен жарыс тәжірибесін арттыру, олимпиадалық спорт түріндегі мықтыларды анықтау, жастарды, ардагерлерді дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту. Қазақстанның ашық чемпионаты тек елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан клубтары қазақстандықтармен бірнеше жылдан бері табысты бәсекелесіп келеді, сондай-ақ жекелеген командаларды өздерінің ракетка шеберлерімен нығайтуда.

Қазақстанның ашық командалық чемпионатының таяудағы матчтары:

25, 26, 27 ақпан, Алматы қаласы, Екінші лига;

11, 12, 13 наурыз, Алматы қаласы, Супер және Бірінші лига.

Талап Қойбағаров