"Шаңыраққа жол" - табысқа апаратын жол

26.05.2023

27 және 28 мамырда Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында "Шаңыраққа жол" ашық республикалық жасөспірімдер турнирі өтеді. Алматы, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстанның Андижан және Ташкент облыстарынан келген ұлдар мен қыздар 2010ж.-2011ж., 2012ж.-2013ж., 2014 ж.т. және одан кіші жас санаттарында өнер көрсетеді.

"Шаңыраққа жол" 2015 жылдан бері өткізіліп келеді және сол кезде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Мирқадірова, Айдос Кенжеғұлов, Анель Бақыт, Ырысбек Артұқметов, спорт шеберлері Ангелина Романовская, Ескендір Харки жаттыққан болатын.

Жаңа турнир жаңа талантты теннисшілерді анықтайды деген сенім бар.

Талап Қойбағаров