Сен қандай әдемісің, алтын күз

31.10.2021

Алматыда үстел теннисінен 13-14 жас, 11-12 жас, 10 жас және одан кіші спортшы қыздардың қатысуымен дәстүрлі "Алтын күз" турнирі аяқталды. Бүгін финалдық матчтар мен үшінші орын үшін ойындар өтті:

Финал, 2007-2008 ж.т.

Назым Серікбай (Түркістан) - Альбина Жақсылықова (Қарағанды) 3:1,

3 орын Виктория Мочалкина (Қарағанды).

Финал, 2009 - 2010 ж.т.

Дарья Фу (Қарағанды) - Аққу Темірханова (Ақтау) 3:1,

3 орын Юрана Ибраева (Қарағанды).

Финал, 2011 ж.т. және одан кіші.

Мария Лукьянова (Қарағанды) - Назерке Қартбай (Ақтау) 3:0,

3 орын Мәдина Абдұвәлиева (Түркістан).

Суретте солдан оңға қарай "Алтын күз" турнирінің чемпиондары Мария Лукьянова (9 жас), Назым Серікбай (14 жас), Дарья Фу (12 жас).

Талап Қойбағаров