Әсем Өтепова: "Семинар, ОЖЖ тамаша өтуде"

26.04.2022

Алматыда "CNPC - Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы" Академиясында еліміздің, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ұлттық, жастар және жасөспірімдер командалары спортшыларының оқу-жаттығу жиыны мен жаттықтырушыларға арналған семинар жалғасуда, бұл семинарды тәжірибелі тәлімгер Сюн Тао (ҚХР) өткізуде: " Әріптестермен қарым-қатынастың үш күні ішінде Қазақстан құрамасының жаттықтырушыларының дайындық деңгейі, кәсібилігі мен құзыреттілігі өңірлердегі жаттықтырушыларға қарағанда айтарлықтай жоғары екеніне назар аудардым. Оқыту семинары - бұл алшақтықты жою жолының бастауы және біздің алдымызда осы бағытта көп жұмыс бар".

Павлодар облысынан Академияда он теннисші бар, олардың төртеуі "Шаңырақ" мектеп-интернат-колледжінде (Алматы) оқиды. Спорт шебері, Ақсу қаласының БЖСМ жаттықтырушысы, жеке және жұптық разрядтағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Әсем Өтепова әңгімелейді: "Менің жаттықтырушылық өтілім тоғыз жыл және Қытайлық тәжірибелі маманнан мен жаңа білім алудамын, Қытайда үстел теннисі ұлттық спорт түрі болып табылады. Теория, практика қол жетімді түрде ұсынылады, қызықты. Біз көптеген сұрақтар қоямыз және эмоционалды, жігерлі Сюн Тао бәрін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Семинар, ОЖЖ өте жақсы өтуде".


Талап Қойбағаров