Саша Гребер: "Werder" -де жағымды атмосфера

03.08.2023

Жақында үстел теннисінен Германия чемпионаты басталады. Кирилл Герасименкомен бірге Бременнің "Werder" клубы 2023/2024 маусымына оптимистік көзқараспен қарауда және 12 команда арасында тек 7 орын алған былтырғы нәтижесін жақсартуға тырысады.

"Werder" менеджері Саша Гребер: "Жаңа маусымды сол құрамда бастаймыз, өйткені бізде нағыз біртұтас команда бар. "Werder" -де жағымды атмосфера, біз бір-бірімізді қолдаймыз".


Суретте солдан оңға қарай: Кристиан Плетя, Кирилл Герасименко, менеджер Саша Гребер, жаттықтырушы Кристиан Тамас, Маттиас Фальк және Марсело Агирре.


Талап Қойбағаров