Санды сапаға ауыстырамыз

26.04.2022
Павлодар облысының Ертіс, Железин және Шарбақты аудандарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде үстел теннисі бөлімшелері ашылды және Ертіс жағалауында орналасқан бұл өңір Қазақстандағы әрбір аудан орталығында осындай бөлімшелері бар жалғыз өңір болды. Жаттықтырушылар ұжымының алдына нақты және орындалатын мақсаттар қойылды - бұл жоғары білікті спортшыларды, Павлодар облысының, Қазақстанның құрама командаларына арналған сапалы резервті даярлау. Осыған байланысты облыстық үстел теннисі Федерациясының президенті Асхат Қалиев, Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Даур Ерғабұлов көрсетілген міндеттерді шешуге күш салуда: материалдық-техникалық базаны нығайту, жаттықтырушылар құрамын кәсіби даярлау, педагогикалық, жаттығу, жарыс процестерін ұйымдастыру. Сәттілік тілейміз!

Талап Қойбағаров