«Saarbrücken» жанкүйерлерін қуантты

24.01.2022

Неміс Бундеслигасында үстел теннисінен 13-ші тур өтті. Франциямен шекарада орналасқан Саарбрюккен қаласында жергілікті «Saarbrücken» клубы Бременнің «Werder» клубын қабылдады. Осы маусымды алаң иелері өте жақсы өткізуде: Германия кубогын жеңіп алды, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, Германия чемпионатында 2-ші орынға ие болды және бүгін тағы да өз жанкүйерлеріне, қарсыластарына ойынның жоғары деңгейін көрсетті.

Патрик Франциска («Saarbrücken») - Марсело Агирре («Werder») 3:0

Дарко Йоргич («Saarbrücken») - Маттиас Фальк («Werder») 3:2
Томаш Полански («Saarbrücken») - Кирилл Герасименко («Werder») 1:3

Патрик Франциска («Saarbrücken») - Маттиас Фальк («Werder») 3:0.

Жалпы есеп 3:1 «Saarbrücken» пайдасына

Суретте «Saarbrücken» клубының көшбасшысы Патрик Франциска.

Талап Қойбағаров