Құрылыс қызу жүріп жатыр

22.10.2020

Біз Қызылорда облыстық № 4 олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде үстел теннисі бөлімінің ашылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сырдария жағасынан тағы бір жақсы жаңалық - Қызылордадағы үстел теннисі орталығының құрылысы қызу жүріп жатыр. Жалпы ауданы 2000 ш.м., 4 деңгей: фитнес залы орналасатын төле; 1 қабат жаттығу залы 500 ш.м., киім шешетін бөлмелер, жуыну бөлмелері; 2 қабат жаттығу залы 500 ш.м.; 3 қабат массаж кабинеті. Жаттығу залдарында 6 үстелден орнату және кәсіби еден жабынымен жабу жоспарлануда. Қоныс тойы келесі жылдың қаңтар-ақпан айларына жоспарланған.

Талап Қойбағаров