Рувен Филус: "Мені алматылық жанкүйерлер қолдады. Рахмет!».

20.09.2022

Алматының "ADD" үстел теннисі орталығында "WTT Сontender Almaty" халықаралық турнирі аяқталды және ерлер арасындағы финалдық матчта Еуропаның төрт дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рувен Филус (Германия) шағын ерлік жасады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Линь Юньжуге (Тайбэй) 0:3 есебімен жеңіліп жатып, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, кездесудің барысын өз пайдасына өзгертті, 4:3.

Ривен Филус: "Мен өте бақыттымын. "WTT Сontender Almaty" - ға дейін түрлі турнирлерде өнер көрсеткен болатынмын және құрмет тұғырына жақындай алмай жүрдім. Алматыдағы жеңіс маған осы маусымдағы ойындарға сенімділік береді. Мені қолдап және сенген алматылық жанкүйерлерге үлкен рахмет айтқым келеді және олардың үміттерін ақтағаныма қуаныштымын.

Турнирді ұйымдастыру жоғары деңгейде, ал "ADD" үстел теннисі орталығы керемет. Қазақстанға, Алматыға тағы да қуана келемін. Жаңа кездесулерге дейін!".

Талап Қойбағаров