Құрмет тұғыры толығымен бос емес

24.05.2023

Ақпан Батырды еске алуға арналған үстел теннисінен III-ші турнир аяқталуда. Кеше командалық есептегі чемпиондар мен күміс жүлдегерлер анықталды, ал бүгінде қола медаль иегерлері белгілі болды. Қарағандылықтар Әмір Торғайбеков, Асылхан Мағзұмбеков, Райымбек Келбұғанов, Зиётжон Нұрматов 3:2 есебімен "Қазақстан-3" командасын жеңіп, үшінші орынға ие болды.


Түркістандық қыздар Шахзода Ахмадәлиева, Ноила Ханиязова "Хван Ман-Гым" (Өзбекстан) клубының ойыншылары Әсел Еркебаеваны, Хуснора Иминованы 3:2 есебімен жеңді.


Бейсенбіде жеке разрядтағы ең мықтылар анықталады.

Талап Қойбағаров