Ресейліктермен өткізілген спаррингтер тек пайдасын ғана тигізеді

16.02.2021

Қазақстандық кіші ракетка шеберлері Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Ескендір Харки, Бақдәулет Әкімәли бұл күндері Ресейдің Свердлов облысында болуда және олар "ОТМК" үстел теннисі клубының (Орал тау-кен металлургия компаниясы) спортшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Аталған іс-шара 2018 жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілуде.

Айдос Кенжеғұлов: "Наурыз айында менде Катарда екі өте жауапты турнир бар - Әлемдік олимпиадалық біліктілік (14-17 наурыз) және Азиялық олимпиадалық біліктілік (18-20 наурыз). КСРО спорт шебері, Еуропа Кубогының қола жүлдегері, тәжірибелі тәлімгер Андрей Александрович Кульковтың жетекшілігімен "ОТМК" базасында қарқынды дайындалудамыз. Екі реттік жаттығулар толыққанды, қызықты өтуде. Біз техникаға байланысты тапсырманы орындаудамыз - допты үстелде мүмкіндігінше ұзақ уақыт бой ұстау, ойынды біртіндеп тездету, бірақ техникаға зиян тигізбестен. Дәлдік пен дұрыс қозғалыс үшін жаттығу. Біз соққы нүктесіне дұрыс жақындау шеберлігін дамытудамыз. Әр түрлі биіктікте ұшатын доптарға топ-спиндер және т.б. Ең бастысы, жаттығудың басынан аяғына дейін барлық соққылар техникалық тұрғыдан дұрыс орындалуы керек. ОЖЖ-да көптеген мықты ресейлік теннисшілер бар және олармен өткізілген спаррингтер тек пайдасын ғана тигізеді".

Талап Қойбағаров