Ресей чемпионатында көш бастап келеміз

26.02.2022

Ресей үстел теннисі Федерациясының әйелдер арасындағы командалық чемпионатының III-ші туры жалғасуда және Суперлигада (Магнитогорск) 6 матчта 5 рет жеңіске жеткен TTC "Astana" – клубының ойыншылары Сарвиноз Мирқадірова (суретте), Зәуреш Ақашева, Анель Бақыт, Ангелина Романовская (жаттықтырушысы Евгений Тимченко) сенімді түрде өнер көрсетуде. Бүгін біздің қыздар "УГМК-Резерв" (Верхняя Пышма) клубын 3:0 есебімен, "Факел-1" (Орынбор) клубын 3:0 есебімен жеңіп, "Казаночка" (Қазан) клубына 2:3 есебімен ұтылды. III турдың соңғы күнінің алдында 18 команданың арасында ТТС "Astana" 1-ші орында, "ММК-Олимпия" (Магнитогорск) 2-ші орында, "Казаночка" 3-ші орында.

Талап Қойбағаров