Ресей чемпионатына Қазақстанда дайындалып жатырмыз

19.12.2020

Іле Алатауының баурайында әйгілі үстел теннисі клубы Орал тау-кен металлургия компаниясының (Верхняя Пышма, Свердлов облысы) "ОТМК-Резерв" кіші ракетка шеберлерінің оқу-жаттығу жиыны жалғасуда. Спорт шебері, командалық есептегі 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Орал федералдық округі біріншілігінің алтын жүлдегері, аралас разрядтағы "Наследие" Бүкілресейлік турнирінің чемпионы Маргарита Мурзина (суретте) өз әсерімен бөлісті: "Ақ Бұлақ" олимпиадалық орталығында бізге жақсы жағдайлар жасалған - тұру, тамақтану, спорт залы қолжетімді жерде. Қонақ үй таулардың етегінде теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте орналасқан, ол қылқан жапырақты ормандармен, қайың тоғайларымен, емен ормандарымен қоршалған, өте әдемі.

Ең бастысы, орта таулық деңгейдегі жаттығулар жұмыс қабілеттілігін арттырады. Қазақстандық теннисшілерге қарсы Ресей үстел теннисі Федерациясының командалық чемпионатында, Алматыда өткен "Оңтүстік Астана" атты халықаралық турнирінде ойнадым. Өте мықты спортшылар және барлық жекпе-жектер тартысты шайқаста өтті. Біздің Қазақстандағы жиынымыз 16 қаңтарға дейін өтеді, бірақ мен және Анастасия Ковригина екеуіміз үйге сәл ертерек барып, Ресей премьер-лигасының чемпионатының екінші турында өнер көрсетеміз".

Талап Қойбағаров