Құрамаға «балғын қан» қажет

13.06.2018

Оңтүстік астанада Қазақстанның ұлттық, жастар, жасөспірімдер және кадеттер құрамаларының оқу-жаттығу жиыны жалғасуда (ОЖЖ). Жаттықтырушылар Эльмира Әлиева, Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченко жәнежаттықтырушы-кеңесші Дмитрий Левенко (Австрия) жаттығуларға 50 спортшыны тартты.

Дмитрий Левенко: ОЖЖ – негізгі міндеті ойыншыларға жаттығудың әдістемесін түсіндіру, соққыны орындаудағы негізгі ережелер, бумалар қызметінің оңы және сол жақтары, техниканы және позицияны қою. Сондай-ақ психологияға көңіл бөлгім келеді, теннисшілер оң көзқарасы жағынан өз психикаларын басқару керек, кейбіреулер сияқты теріс көзқарастармен емес, көбі өз қателіктеріне немесе бірден барлығы қолдарынан келмегені үшін теріс жағынан қарап жатады. Жиындардың соңында әр спортшының өзінің белгілі бір стилі болу керектігіне уақыт бөлемін. Егерде барлығы бірдей ойынайтын болса, онда олардың ешқайсында артықшылық болмайды. Әрқайсысы бір-бірінен біраз болсада өзгеше болу керек.Алдымен жалпы негізгі элементтерді жаттықтырамыз, содан-кейін белгілі бір жеке-дара стиль жасауға тырысамыз.

Сұрақ:Түске дейін сіз ұлттық құраманың ойыншыларымен, құрамаға үміткерлермен жұмыс істейсіз, ал түстен кейін ОЖЖ кадеттер, жасөспірімдер, жастар өтеді. Олардың арасындағы шеберлікте үлкен алшақтық барма?

Дмитрий Левенко:Жағдай мынадай, ойыншылармен арасындағы алшақтық үлкен және біздің теннисшілердің деңгейі халықаралық тұрғысында әзірге жеткіліксіз. Бізге әлі көп еңбек ету керек. Жаттығулар қарқынды дамыған және дұрыс бағытта жүргізулері тиіс. Спортшылардың дене шынығу дайындықтарына көңіл бөлу керек. Біздің бұған халықаралық жарыстарда көзіміз жетті, онда физикалық және техникалық жағынан мықты дайындалған және аз қателік жіберетін шетелдік жас ойыншылар көп болды. Бізге бәсекеге қабілетті болу үшін міндетті түрде теннис залында, жаттығу залында жүктемелерді ұлғайтуымыз қажет, теория және психологиямен жұмыс істеу керек. Бірыңғай жүйе бойынша еңбек ететін, көп жаттықтырушылар керек.

Сұрақ:Сіз жаттықтырушы-кеңесші ретінде Қазақстанның ұлттық құрамасын жақсы білесіз, командамен бірге Азия (2017) чемпионатына, екі әлем чемпионатына (2017- Германия, 2018 - Швеция) бардыңыз. Қазір ОЖЖ еліміздің басты командасына үміткер жас спортшыларға көңіл бөліп отырсыз, оны жақын арада күшейту керек пе?

Левенко: бізде ұлдар мен қыздар бар, оларға ересектер құрамасына көшетін кез келді, және бұл үшін оларда белгілі бір база бар. Әзірге бізде бір ғана мықты ойыншы бар ол Кирилл Герасименко және ерлер мен әйелдер ұлттық құрамаларына жаңа мықты ойыншылар талап етіледі. Жас ойыншылар тезірек тәжірибе алмасады, оларға қайтадан оқу керек емес, оларды қалай дұрыс ойнау, әдісті қалай дұрыс қолдану керек екендігін бірден оқытуға болады, және де олар халықаралық аренада қарсыластарына тез үйреніп кетеді. Құрамаға «балғын қан» қажет.

Сұрақ:ОЖЖ төртінші күні. Сіздің әсеріңіз қандай?

Левенко:Мен ойыншылардың физикалық жәй-күйлеріне көңілім толмады, олардың көбі шаршап қалды, бұл дегеніміз жыл көлемінде олар өздерімен жұмыс істемегенін білдіреді. Әрине жаттығулар қарқындылығы жеткіліксіз жоғары дәрежеде болмаған, және бұл көзге бірден байқалады. «Шанырак» спорт интернатының жас теннисшілерін айта кету керек, олар жүктемелерге төзімді және олар өздерінің интернатында сондай қарқынды жаттығатындары көрініп тұр. Тұтастай алғанда оқу-жаттығу жиынының барлық қатысушылары тырысып, жемісті еңбек етуде. Бастысы ОЖЖ бітіргендігі бойынша бұл жұмыс орындарда жалғасын табу керек, жаттығулар қарқындылығы тек қана жоғарылай түсу керек.






Талап Қойбағаров