Құр қолмен оралдық

02.11.2019

Қазақстандық спортшыларсыз Минскіде үстел теннисінен Беларусь ашық чемпионаты жалғасуда. Біздің спортшылар Бекұлан Жамал, Анастасия Лаврова, Гүлчехра Құсейінова, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Харки, Анель Бақыт, Сарвиноз Мірқадірова өз топшаларынан шыға алмады, яғни бұл қазан айының 31 -де. Ал, 1 қараша күні тордың негізгі ойындары басталған кезде, ел құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 1:4 есебімен әлемнің 169-шы ракеткасы Том Ярвиске (Англия) жол берді. Қалаған нәтижеге қол жеткізе алмай Минскіден ораламыз.

Талап Қойбағаров