Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегерін құттықтады

06.09.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы 15 жастағы қазақстандық Алан Құрманғалиевті Лаоста өткен юниорлар мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алуымен құттықтады. Бұл жетістіктің отандық спорт үшін тарихи маңыздылығын атап өтіп, Президент Аланға көрсеткен шеберлігі үшін алғыс айтып, оған болашақта жаңа жарқын жеңістер тіледі.

Алан Құрманғалиев Қазақстан Үстел теннисі тарихында Азия чемпионатының медалін жеңіп алған алғашқы спортшы болды.