Польшада үшінші орын

02.04.2023

Жағажайларымен танымал Владыславово қаласында (Польша) үстел теннисінен "WTT Youth Contender" турнирі өтуде. 11 жас санатында қарағандылық Андрей Молчалкин (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) сәтті өнер көрсетті, ол кіші топта екінші орын алып, жартылай финалға шығып, қола жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров