Петра Сорлинг - ITTF-тың жаңа президенті

28.11.2021

Хьюстонда (АҚШ) жеке әлем чемпионатын өткізу кезінде ITTF атқарушы комитетінің жыл сайынғы жалпы жиналысы өтті, онда Халықаралық үстел теннисі Федерациясының президенті болып Петра Сорлинг сайланды. Ол ITTF-тың қаржы жөніндегі вице-президенті, швед үстел теннисі қауымдастығының президенті болып қызмет атқарған. Осы жоғары және жауапты лауазымға ие болған ол алғашқы әйел болып табылады.

Талап Қойбағаров