Париждегі Олимпиада ойындарында Кирилл Герасименконың алғашқы қарсыласы анықталды

25.07.2024

Парижде 2024 жылғы Олимпиада ойындары аясында - үстел теннисінен турнирдің жеребесі өтті, онда Қазақстан атынан Кирилл Герасименко қатысады. Біздің құрама команданың көшбасшысы ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетеді. Үстел теннисінен жарыс 27 шілдеде басталады. Финалдың 1/32 кезеңінде Кирилл Герасименконың алғашқы қарсыласы ITTF әлемдік рейтингінде 58-ші орында тұрған Чилидегі Николас Бургас болады.

Ерлер арасында медальдар ұтысына барлығы 67 спортшы қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Кирилл Герасименко Азия спортшылары арасында ең жоғары орынға ие болып, Азия рейтингі арқылы лицензия жеңіп алды.

Спортшы үшін оның тәжірибесінде алдағы Ойындар үшінші болады. Ол бұған дейін Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиада ойындарына қатысқан.