Париждегі 2024 жылғы Олимпиада Ойындары жақындауда

15.04.2022

Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарын 2024 жылғы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал үстел теннисінен жарыстарды 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізу жоспарланып отыр, онда бес турнирде 172 спортшы (86 ер адам және 86 әйел адам) өнер көрсетеді. Алдымен аралас жұптарда (микстарда) чемпион мен жүлдегерлерді анықтайды, содан кейін жеке турнирлерде, Олимпиаданың соңында әйелдер мен ерлер құрамаларының финалдық матчтары ойналады.

ITTF материалдары бойынша