Өзіне және жанкүйерлеріне Рождестволық сыйлық

23.12.2021

Үстел теннисінен Германия чемпионатында 11-ші тур өтті, онда 2021 жылдың соңғы матчтары ойналды. Төрт рет қатарынан жеңілгеннен кейін Маттис Фальк, Кирилл Герасименко, Хунор Сеч өнер көрсететін «Werder» (Бремен) клубы өз алаңында Грюнветтерсбахтан келген (Карлсруэ қаласының ауданы) «ASV» клубын қабылдады. Екі команданың теннисшілері де жеңіске жетіп, жақсы көңіл-күймен демалысқа шығу керек деген оймен алаңға шықты. Бремен спортшылары қарсыласуда басым болды, 3:1 есебімен жеңіске жетіп, өздеріне және жанкүйерлеріне Рождестволық сыйлық жасады.

Маттиас Фальк («Werder») - Тобиас Расмуссен («ASV») 3:0

Кирилл Герасименко («Werder») - Ван Си («ASV») 3:0

Хунор Сеч («Werder») - Рикардо Вальтер («ASV») 1:3

Маттиас Фальк («Werder») - Ван Си («ASV») 3:1.

Талап Қойбағаров