Өзіндік ерекшелігі, тартымдылығы, мәнерлілігі үшін

02.08.2021

Токиодағы жазғы Олимпиада бағдарламасындағы үстел теннисінен турнир басталар алдында республикалық Федерация қазақстандықтар Кирилл Герасименко мен Анастасия Лавроваға қолдау көрсету мақсатында "Сәттілік пен жеңіс тіле" атты флэшмобын іске қосты. Бұл бастамаға еліміздің түкпір-түкпірінен біздің спорт түрінің әуесқойлары үн қосты - теннисшілерге әдемі ойын, өздеріне деген сенім, жеңіске деген ерік-жігер білдірді. Үстел теннисі федерациясы көптеген игі, шынайы тілектердің ішінен екіеуін таңдады, олар өзіндік ерекшелігі, тартымдылығы, мәнерлілігі үшін конкурс жеңімпазы атанды. Анастасия Лавроваға ізгі тілек сөзінде университеттің 1-ші курсынан бастап үстел теннисімен айналысатын "Өскемен құс фабрикасы" АҚ бас технологы Құрмет Ақатай жеңіске жетті. Кирилл Герасименкоға табыс тілеген үміткерлер арасында Шымкент қаласының № 54 мектебінің 11-сынып оқушысы Сая Рысбаева болды, ол сегіз жасынан бастап ракетканы сенімді түрде қолында ұстап келеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз (суретте).

Талап Қойбағаров