Өзгермелі нәтижемен

30.08.2023

Үстел теннисінен "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирі басталды, ол "ADD Ustel Tennis Ortalygy " - да өтуде. Жарыстың бірінші күнінен кейін екінші айналымға өткендер:

Ерлер - Айдос Кенжеғұлов, Ырысбек Артықметов, Санжар Жұбанов, Дастан Кенжеғұлов.

Әйелдер - Альбина Жақсылықова.

Ерлер жұбы - Хьюго Дешамп /Владислав Захаров (Франция/Қазақстан).

Әйелдер жұбы - Сарвиноз Мирқадірова / Марина Доннер (Қазақстан/Финляндия).

Жеке разрядта жеңіліске ұшырағандар:

Алан Құрманғалиев - Ляо Чэн-Тин (Тайбэй) 2:3;

Ескендір Харки - Пак Чан Хёк (Корея) 0:3;

Денис Жолудев - Лилиан Барде (Франция) 0:3;

Бақдәулет Әкімәли - Санжар Жұбанов 1:3;

Владислав Захаров - Дастан Кенжеғұлов 2:3.

Жанерке Көшкімбаева - Ким Союн (Корея) 0:3

Арай Ашкеева - Альбина Жақсылықова 1:3

Ерлер жұбы.

Бақдәулет Әкімәли/Ырысбек Артықметов - Сюй Хайдун/Сан Вэнь (Қытай) 0:3;

Санжар Жұбанов/Дастан Кенжеғұлов - Хьюго Дешамп/Владислав Захаров (Франция/Қазақстан) 0:3.

Әйелдер жұбы.

Арай Ашкеева/Альбина Жақсылықова - Ю Сиу/Ким Йелин (Корея) 0:3;

Айя Әлімбаева/Гузель Торшаева - Юн Хёбин/Сим Хёнджу (Корея) 0:3;

Жанерке Көшкімбаева/Виктория Мочалкина - Ши Сюньяо/Чжу Сибинг (Қытай) 0:3.

Аралас жұп.

Владислав Захаров/Арай Ашкеева - Алексис Лебрун/Цзя Нань Юань (Франция) 0:3

Санжар Жұбанов/Анель Бақыт - Пак Чан Хёк/Юн Хёбин (Корея) 0:3.

Ертең "WTT Contender Almaty" турнирінің екінші раунды өтеді.

Турнирдің бас демеушілері – «Самрық-Қазына» АҚ @samrukkazyna_official және Туризм және спортты қолдау қоры @sportqory


Талап Қойбағаров