Өзбекстан астанасында сәттілік

26.10.2023

Ташкентте, Орталық Азия Университетінің спорт кешенінде Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстанның жиырма бес жас таланттарына арналған "ITTF Central Asia Hopes Week&Challenge" оқу-жаттығу жиыны басталды. Үндістан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Прабху Маматаның жетекшілігімен болашақ үстел теннисінің жұлдыздары физикалық, техникалық және тактикалық дайындықпен айналысуда. ОЖЖ аяқталғаннан кейін "ITTF Asia Hopes 2024" іріктеу турнирі өтеді.

Өзбекстан астанасында еліміздің атынан Эльмира Мұхаметқалиева (Қарағанды), Каролина Бондарь (Павлодар облысы), Абай Жұмағұл (Түркістан), Дулат Ералхан (Шымкент), Олег Яковлев (Қарағанды) өнер көрсетеді. Сәттілік!

Естеріңізге сала кетейік, (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының "Hopes" бағдарламасы - бұл жарыстар мен турнирлерде өзінің жоғары әлеуетін көрсеткен бүгінгі әлемдік деңгейдегі көптеген ойыншылар үшін трамплин қызметін атқарған таланттарды анықтаудың жақсы қалыптасқан жаһандық жобасы. 2019 жылы Алан Құрманғалиев (Қарағанды) әлемдік "Hopes Week" үздік ойыншысы атанды.

Талап Қойбағаров