Өз ісінің шеберлігінен мастер-класс

01.02.2019

Астанада Қазақстан Республикасының Спартакиадасы бағдарламасындағы үстел теннисі турнирінде командалық есептегі финалистер және қола жүлдегерлер анықталды. Бірақта оның алдында жартылай финалға шығу үшін шайқастар болды, олардың нәтижелері мынандай: Ерлер: Алматы-Павлодар облысы 3:1, Астана-Қарағанды облысы 3:0, Шымкент-Ақтөбе облысы 3:0, Шығыс Қазақстан облысы – Батыс Қазақстан облысы 3:1. Әйелдер: Қарағанды облысы – Қостанай облысы 3:1, Алматы-Павлодар облысы 3:1, Шымкент – Шығыс Қазақстан облысы 3:0, Батыс Қазақстан облысы – Астана 3:1. Барлық жартылай финалдың иелері өздерін кем дегенде қола медальдермен қамтамасыз етті.

Қыздар арасындағы елдің қазіргі чемпиондары қарағандылықтар ұлттық біріншіліктің күміс жүлдегерлері алматылықтармен кездесіп 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жалпы есеп айтарлықтай үлкен, бірақта матчтың әрбір үш ойыны тартысты шайқастан соң 3:2, 3:1 есебімен аяқталып отырды. Қарағанды құрамасы финалда, ал «қола» Алматылықтарда, құрамында Айя Әлімбаева, Анель Бақыт, Любовь Никифоровалар (жаттықтырушысы Айман Оспанова) бар.

Екінші жартылай финалда Батыс Қатыс Қазақстан облысы Гүлчехра Құсейнованың бастауымен теннисші Шымкентті ұтып кетті 3:0. Оңтүстіктің тұрғындары Сарвиноз Мірқадірова, Мәлика Ілxамжанова, Озода Азатова, Таңшолпан Шапей (жаттықтырушылары Нұрлан және Ердәулет Оразбаевтар, Міряқұб Мірасланов) үшінші орында.

Ерлер командалары арасында финалда Астана және Шығыс Қазақстан облысы ойнайды, тиісінше 3:1 бірдей есеппен жеңіске жеткен Шымкент және Алматыда. Астаналықтардың және барлық ел құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко турнирде халықаралық дәрежеде ойын көрсетіп, өз қарсыластарына «мастер-кластар» өткізуде. Шымкент құрамасының теннисшісі Бақдәулет Әкімәли мынадай сұхбат берді: «Бүгін мен бірінші рет Кирилл Герасименкоға қарсы ойнадым және қатты қобалжыдым. Оның шеберлігін өзіме сезіндім. Өте күшті топ-спиндер, қатты соққылар, айлалы қайтарулар. Ия, бұл мүлде басқа үстел теннисі. Үшінші партияда Кирилл ойын қарқынын бәсеңдетіп маған ойнауға мүмкіндік берді. Мен, теннис үстелінде Кирилл Герасименкомен кездесуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын».

Қазақстан Республикасы Спартакиадасының қола медаль иегерлері Шымкент (Бекұлан Жамал, Бақдәулет Әкімәли, Ырысбек Артұқметов, Сабыржан Аман) және Алматы (Тимур Келбұғанов, Самат Бейсенов, Тимур Бейсәлиев және Александр Максимов) спортшылары болды. Спартакиада жалғасуда.

Талап Қойбағаров