Оңтүстік Африкаға сапарға дайындалудамыз

13.01.2023

Катарда үстел теннисінен Азиялық біліктілік іріктеуі өтуде. Бүгін жеке турнирде Кирилл Герасименко Кларенс Чжэ Юды (Сингапур) 4-1 есебімен жеңді және енді әлем чемпионатына дайындалады (Оңтүстік Африка, Дурбан қаласы, 20-28 мамыр). Құттықтаймыз!

Қазақстандықтардың жұптық разрядқа қатысуымен өткен матчтардың нәтижелері:

Анастасия Лаврова/Ангелина Романовская - Розалина Хаджиева/Мархабо Мағдиева (Өзбекстан) 2:4;

Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Мирқадірова - Ораван Парананг/Сутхасини Саветтабут (Таиланд) 0:4;

Айдос Кенжеғұлов/Ескендір Харки - Нима Аламиян/Ношад Аламиян (Иран) 0:4.

Суретте: Айдос Кенжеғұлов пен Зәуреш Ақашева Оңтүстік Африкадағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Талап Қойбағаров