Өте қажетті жеңіс

06.02.2023

Үстел теннисінен Германия чемпионатында 16-тур өтті. Бременнің «Werder» клубы құрамында Кирилл Герасименкомен бірге плей-оффқа (1-4 командалар) шығу үшін күресті жалғастыра отырып, Мюльхаузенде жергілікті «Post SV» - клубымен ойнады. Матчтың фавориттері алаң иелері болды, бірақ қонақтар жақсы дайындалып, 3-1 есебімен жеңіске қол жеткізді.

Даниэль Хабесон («Post SV») - Кирилл Герасименко («Werder») 2:3
Ирвин Бертранд («Post SV») - Маттиас Фальк («Werder») 2:3
Овидиу Ионеску («Post SV») - Кристиан Плетеа («Werder») 3:1
Даниэль Хабесон («Post SV») - Маттиас Фальк («Werder») 0:3

Турнир кестесі

1 орын «Borussia» (Дюссельдорф, 13 жеңіс: 3 жеңіліс)

2 орын «FC Saarbrücken-TT» (Саарбрюккен, 12:4)
3 орын «TTF Liebherr» (Оксенхаузен, 10:6)
4 орын «TSV» (Бад-Кёнигсхофен, 9:6)
5 орын «Post SV» (Мюльхаузен, 9:7)
6 орын «Werder» (Бремен, 8:8)
12 орын FSV Mainz 05 (Майнц, 3:13).

Талап Қойбағаров