«Қостанай» үшін пайдамен

10.09.2020

15-18 қазан аралығында, егер COVID-19 кедергі болмаса, Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының 2-ші айналымы өтеді, оның нәтижелері бойынша 2020 жылғы маусымның турнирлік кестесінде орындар бөлінеді. Жоғарғы лига көшбасшыларының бірі "Қостанай" клубы өзінің алдына Суперлига-2021-ге шығу міндетін қойды. Қостанайлықтардың ойнайтын жаттықтырушысы, спорт шебері Ғайып Данияров әңгімелейді: "2002 жылы Александр мен Леонид Нохриндар, Данияр Тохтаров, Нұржан Жақаев біздің қаламызды алғаш рет командалық чемпионатта таныстырды. 18 жыл ішінде біз екі рет Суперлиганы және үш рет Жоғарғы лиганы жеңіп алдық. Осы беделді жарыстарға қатыса отырып, "Қостанайдың" қазіргі ойыншылары Данияр Ескендіров, Қанат Қоңқұбаев, Артем Сипачев, Алина Борисюк Ресейлік, Өзбекстандық, Қырғызстандық және Қазақстандық клубтардың қарсыластарымен күресуде және техникалық-тактикалық шеберліктерін жетілдіруде. Бұл істе командалық рух үлкен орын алады. Біздің әрбір теннисшіміз "Қостанайға" пайда әкеліп ойнағысы келеді".

Суретте "Қостанай" клубының теннисшілері.


Талап Қойбағаров