Ортақ игілікке арналған жиын

27.06.2024

Алматыда үстел теннисінен Қазақстанның жастар, жасөспірімдер, кадеттер құрама командаларына мүшелер мен кандидаттардың ОЖЖ (оқу-жаттығу жиыны) өтуде. Тәлімгерлер Евгений Тимченко, Самат Бейсенов, Ердәулет Оразбаев теннисшілердің техникасы мен дене дайындығын жақсартумен, түрлі тактикалық элементтерді игерумен, алдағы жауапты жарыстар - XXVIII Азия жастар чемпионаты (Қытай), "WTTYouthContenderAlmaty" (Қазақстан) халықаралық турнирі алдында үздік спорттық форманы алумен айналысады.

Қазақстандықтармен бірге ОЖЖ-да Катар делегациясы қатысады, оған еліміздің әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері, жеке разрядта Қазақстанның екі дүркін чемпионы Гүлчехра Хусейнова, жасөспірімдер мен кадеттерден аға жаттықтырушы, Түрікменстанның спорт шебері Рашид Ахмедов, Катар құрама командасының менеджері Кхалид Аль-Кувари, сондай-ақ алты жас спортшы қатысады.


Талап Қойбағаров