Ортақ игілік үшін ынтымақтастық

24.12.2020

Орал тау-кен металлургия компаниясының үстел теннисі клубы ("ОТМК", Свердлов облысының Верхняя Пышма қаласы) директорының орынбасары Ян Зубарь бұқаралық және олимпиадалық спорт түрін насихаттаудағы бірлескен қызметі үшін Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының алғыс хатымен марапатталды. Ян Станиславовичтің Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстарды дамытуға қосқан үлесі атап өтілді. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы мен "ОТМК" клубының ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Содан бері біліктілікті арттыру бойынша жаттықтырушылық оқыту курстары, төрешілік семинарлар, физикалық және техникалық-тактикалық дайындық бойынша жалпы оқу-жаттығу жиындары жүйелі түрде өткізіліп тұрады, ал Свердлов облысынан келген кіші ракетка шеберлері "Оңтүстік Астана" (Алматы), "Ақпан батырды еске алу" (Шымкент) атты халықаралық турнирлеріне, Қазақстанның ашық командалық чемпионатына қатысып тұрады.

Талап Қойбағаров