Өршіл «Ардагер»

03.09.2020

COVID-19-ға байланысты үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының бірінші және екінші айналымдары арасындағы үзіліс ұзаққа созылып кетті. Барлық спортшылар, жаттықтырушылар жарыстың қайта басталуын күтуде. "Ардагер" (Алматы) Жоғарғы лига клубы көшбасшыларының бірі, жұптық разрядтағы ел чемпионатының қола жүлдегері, Анатолий Ицкевичті еске алу халықаралық турнирінің абсолютті чемпионы, Белфастта (Солтүстік Ирландия, 2013ж.) және Вашингтонда (АҚШ, 2015ж.) өткен полиция мен өрт сөндірушілер арасындағы әлем чемпионатының екі мәрте алтын жүлдегері - Владимир Маркин әңгімелейді: "Барлық қазақстандықтар сияқты біз де карантинде жатырмыз, жеке жоспар бойынша жаттығамыз. Бізге Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, психолог Дмитрий Левенко (Австрия) өткізетін бейнетаспа курстары өте көмектеседі. 2019 жылы біз күміс медаль жеңіп алдық және Суперлигаға шығу үшін өтпелі матчта ғана Бішкектің (Қырғызстан) "Рой клубынан" жеңіліс таптық. 2020 маусымының екінші айналымында сәтті өнер көрсету үшін, жоғалтқан алты айлық ойын тәжірибесін қайта толықтыруымыз керек. "Ардагер" - белгілі теннисшілерден тұратын және өз құрамына дарынды жастарды тартатын тәжірибелі, тұрақты команда. Біздің арамыздағы ең атақтысы - КСРО спорт шебері, қорғаушы Игорь Медведев болып табылады. Ол жеке, жұптық және командалық разрядтағы Қазақ КСР чемпионы, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионы. Никанор Ким -шабуылдаушы стильдегі техникалық ойыншы, Бодрум (Түркия) қаласында өткен чемпионаттың жеңімпазы. Дмитрий Горбенко – тәжірибелі спортшы, Анталья қаласында (Түркия) өткен халықаралық турнирдің алтын жүлде иегері. Оның ұлы Глеб Алматы жасөспірімдер құрамасына кіреді және сенімді түрде "Ардагер" үшін ұпайлар жинауда. Алексей Хен - біздің ұжымдағы тағы бір жарқын қорғаушы. "Ардагердің" негізін қалаушы Абирхан Сахаевқа ерекше алғыс айтқым келеді, ол үстел теннисін насихаттауға өзін толығымен арнауда".

Суретте солдан оңға қарай "Ардагер" клубының ойыншылары Владимир Маркин, Дмитрий Горбенко және Никанор Ким



Талап Қойбағаров