Өрлету және танымал ету

24.09.2021

Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің бастамасымен "Setanta Kazakhstan", "QSport", "Qsport League" телеарналарымен ел тұрғындары арасында олимпиадалық спорт түрін өрлету және танымал ету саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум бойынша теннисшілердің жаңалықтар сюжеттеріне, телевизиялық жобаларға, талдау хабарларына, сондай-ақ "Setanta Kazakhstan", "QSport", "Qsport League" телеарналарында арнайы бағдарламалар жасауға қатысулары көзделген.

Анықтама:

"Setanta Kazakhstan" - " Setanta Sports " әулетіндегі жаңа телеарна, ал" QSport "және" Qsport League " - ТМД елдерінің тұрғындарына арналған спорттық телеарналар болып табылады.

Суретте "QSport" директоры Әлібек Сәрсембаев пен Республикалық үстел теннисі Федерациясының бас хатшысы Данил Пак.

Талап Қойбағаров