Қонақтар қожайындардан мықты болды

14.03.2022

Үстел теннисінен Австрия чемпионатының 12-ші турында "Badener" (Баден қ.) клубының спортшылары Айдос Кенжеғұлов, Арья Амири, Амирреза Аббаси Кеннельбах қаласында жергілікті "UTTC" командасымен жекпе-жек өткізді. Қонақтар матч иелеріне қарағанда жақсы көрінді, 4:1 есебімен әдемі жеңіске жетті және турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Мирослав Скленский («UTTC») - Арья Амири («Badener») 1:3

Матиас Хабесон («UTTC») - Амирреза Аббаси («Badener») 0:3

Иштван Тот («UTTC») - Айдос Кенжеғұлов («Badener») 1:3

Иштван Тот/Матиас Хабесон («UTTC») - Айдос Кенжеғұлов/Амирреза Аббаси («Badener») 3:2

Мирослав Скленский («UTTC») - Амирреза Аббаси («Badener») 1:3.

18 наурызда "Badener" клубы "TTC" (Винер-Нойштадт қ.) клубымен кездеседі, ал 20 наурызда "KSV" (Капфенберг қ.) клубымен ойнайды.

Талап Қойбағаров