Қонақта ойнау әрқашан қиын

01.11.2021

Қазақстандықтар Кирилл Герасименко ("Werder" клубы) мен Анастасия Лаврова ("SV Schott") үстел теннисінен Германияның Бундеслигасында кезекті матчтарын өткізді.

Анастасия Лаврова, оның командасы бойынша құрбылары Эдже Харак (Түркия), Карлин ван Лиероп (Голландия), Катарина Бондаренко - Гетц (Украина) Оффенбургте "DJK" - клубымен ойнады. Кездесу барысында олар 5:2 есебімен алға шықты, бірақ, өкінішке орай, басымдылыққа ие болмады және 5:5 нәтижесімен үйлеріне оралуда. Анастасия "SV Schott" клубы үшін екі ұпай жинады - жеке есепте және Эдже Харакпен жұпта.

Бремендік "Werder" клубының ойыншылары Кирилл Герасименко, Маттиас Фальк, Марсело Агирре "TSV" (Бад-Кёнигсхофен) клубымен кездесіп 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Филип Желько («TSV») - Марсело Агирре («Werder») 3:0,

Килиан Орт («TSV») - Маттиас Фальк («Werder») 2:3,

Бастиан Штегер («TSV») - Кирилл Герасименко («Werder») 3:0,

Филип Желько («TSV») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3,

Бастиан Штегер/ Килиан Орт («TSV») - Кирилл Герасименко/ Марсело Агирре («Werder») 3:1.

Суретте Анастасия Лаврова мен Эдже Харак.

Талап Қойбағаров