Олимпиада тарихының бетін ауыстырды

06.08.2021

6 тамызда Токиодағы жазғы Олимпиада Ойындарында үстел теннисінен турнир аяқталды, онда Қытай, Германия, Жапония және Кореяның ерлер құрамалары соңғы жүлделерді ұтысқа салды.

Финал Қытай-Германия 3:0, үшінші орын үшін матч Жапония-Корея 3:1.

Чемпиондар Ма Лонг, Сюй Синь, Фан Жендонг, күміс жүлдегерлер Тимо Болл, Дмитрий Овчаров, Патрик Франциска және қола жүлдегерлер Дзюн Мизутани, Томокази Харимото, Нива Коки. Жапониядағы командалық жеңістен кейін Қытай құрамасының көшбасшысы Ма Лонг бес дүркін Олимпиада чемпионы, әлемдегі ең атақты теннисші атанды.


Талап Қойбағаров