Олимпиада алдындағы қорытынды жиын

06.07.2021

24 шілде мен 6 тамыз аралығында Tokyo Metropolitan Gymnasium (Жапония) аумағында жазғы Олимпиада Ойындарының бағдарламасында үстел теннисінен жарыстар өтеді. Жеке турнирде 65 ер адам және 70 әйел адам қатысады, аралас разрядта 16 жұп болады, ал командалар арасында 16 ер және 15 әйел құрамасы ойнайды. Қазақстан атынан осы күндері Алматы облысының Талғар ауданындағы AIBA Дүниежүзілік бокс академиясының кешенінде дайындалып жатқан Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова төртжылдықтың басты додасына қатысады.

Анастасия Лаврова: "Жаттықтырушы Геннадий Андреевич Герасименконың басшылығымен қорытынды жиын басталды. Жағдай өте жақсы - таудың ауасы, қылқан жапырақты ормандар, қайың тоғайлары, дәмді, пайдалы тамақ көңіл-күйді көтереді. Таңертеңгі сағат 7.00-де ояну, таңертеңгілік дене шынықтыру, таңғы ас және түскі асқа дейін алғашқы жаттығу. Денені қыздыру, созылу, ЖДД, спарринг-серіктестермен ойындар - Зәуреш Ақашева, Ескендір Харки, Владислав Захаров, Эрик Райтермен. Қалпына келтіру рәсімдері бар (массаж, сауна, криокамера). 16.30-дан бастап екінші жаттығу, кешкі астан кейін серуендеу, теориялық дайындық. ОЖЖ-ның басты міндеті - ол Олимпиададағы матчтарға оңтайлы түрде келу болып табылады".

Талап Қойбағаров