Олар медальдарды ұтысқа салады

02.06.2023

Астанадағы "ADD Table Tennis Center Astana" - орталығында 2012 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Бүгін финалистер мен қола жүлделер үшін матчтардың қатысушылары анықталды.

1 орын үшін Жания Бекмұхамбетова (Қостанай облысы) - Айна Нәзір (Түркістан облысы) ойнайды.

3 орын үшін Эльмира Мұхаметқалиева (Қарағанды облысы) - Арай Сапабек (Астана), сондай-ақ Мәдина Абдұәлиева (Түркістан облысы) - Каролина Бондарь (Павлодар облысы) сайысқа түседі.

Ұлдар арасында алтын медальді Абай Жұмағұл (Түркістан) мен Әкежан Ерланұлы (Абай облысы) ұтысқа салады.

Үшінші нәтижені Дулат Ералхан (Шымкент) - Олег Яковлев (Қарағанды облысы) және Арсен Асқар (Батыс Қазақстан облысы) - Абылайхан Ермаханұлы (Түркістан облысы) көрсетуге тырысады.


Суретте жеке разрядтағы финалистер.

Талап Қойбағаров