Қола жүлделерде жарыстың жақсы нәтижесі болып табылады

03.06.2023

Астанадағы "ADD Table Tennis Center Astana" - орталығында 2012 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталуда. Сенбінің ыстық күнінде жұптық разрядтағы финалистер мен қола жүлдегерлер анықталды.

Қыздар, финал.

Жания Бекмұхамбетова/Арай Сапабек (Қостанай/Астана) - Айна Нәзір/Мәдина Абдұәлиева (екеуі де Түркістан).

3 орын Аяла Слямбекова/Адина Бауыржанқызы (екеуі де Семей);

3 орын Эльмира Мұхаметқалиева/Карина Игнатюк (екеуі де Қарағанды).

Ұлдар, финал.

Әкежан Ерланұлы/Арсен Асқар (Семей/Орал) - Абылайхан Ермаханұлы/Абай Жұмағұл (екеуі де Түркістан).

3 орын Олег Яковлев/Андрей Мочалкин (екеуі де Қарағанды);

3 орын Дулат Ералхан/Сауран Сатмахан (екеуі де Шымкент).

Микст (аралас разряд), финал.

Абай Жұмағұл/Жания Бекмұхамбетова (Түркістан/Қостанай) - Арсен Асқар/Айна Нәзір (Орал/Түркістан).

3 орын Әкежан Ерланұлы/Арай Сапабек (Семей/Астана);

3 орын Олег Яковлев/Карина Игнатюк (Қарағанды).

Чемпионат жексенбіде аяқталады.

Талап Қойбағаров