Қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз

06.07.2021

Дарынды спортшы, үстел теннисінен Қазақстан жастар құрамасының мүшесі Ескендір Харки (Жамбыл облысы) "Спорт шебері" атағын беру нормативін орындады. Еліміздің жасөспірімдер арасындағы үш дүркін чемпионы 2021 жылды сенімді өткізіп, 5-ші Жастар спорттық ойындарының "күміс", Қазақстанның ең мықты ұлдар мен қыздар турнирінің "қола", 2003 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы республика чемпионатының "күміс" және екі "қола" медальдарын жеңіп алды. Ескендірді және оның жаттықтырушылары Евгений Тимченконы, Арсман Харкиді құттықтаймыз. Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмаңыздар!

Талап Қойбағаров