Облыстық федерацияны спорт шебері басқарады

13.08.2020

"БЛТ АЛТАЙ" ЖШС директоры Сергей Абрамовский Шығыс Қазақстан облысы үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды. Командалық есептегі жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің жеңімпазы, Қазақстан Кубогының қола жүлдегері Сергей Юрьевич тәжірибелі тәлімгерлер Евгений Сорокин, Сергей Литвинов, Ольга Архипова және Александр Переваловтың жетекшілігімен жаңа бастаған ойыншыдан спорт шеберіне дейінгі жолдан өтті. Жаңа басшы өз аймағының үстел теннисін жақсы біледі, оның қолында сапалы материал бар және оларды дұрыс ұйымдастыру керек екенін түсінеді. 2019 жылы Түркістан қаласында Денис Жолудев, Кирилл Сотник, Сағантай Құрмамбаев және Сергей Коноваловтан құралған облыстың ерлер құрамасы республиканың командалық кубогын жеңіп алды. Оралда жастар арасындағы ел чемпионатында Сағантай Құрмамбаев "алтын" (жұптық разряд) және "қола" (аралас разряд), ал Сергей Коновалов екі қола медаль (жұптық және аралас разряд) жеңіп алды. Шығыс қазақстан облысы құрамасының көшбасшысы Денис Жолудев - еліміздің екі дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері, үздік ТОП-12 және ТОП-16 турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы, әлем және Азия Чемпионаттарының бірнеше дүркін қатысушысы.

Сергей Абрамовский: "Маған ең жақын осы спорт түрі үшін, оны облыста танымал ету үшін, жаттығулардың бұқаралығы мен қолжетімділігі үшін, үстел теннисінің мамандандырылған залын салу үшін көп жұмыс істеу керек".



Суретте Шығыс Қазақстан облысының ерлер құрамасы 2019 жылы Қазақстанның командалық Кубогын жеңіп алды


Талап Қойбағаров