Нева қаласындағы турнир

01.12.2021

1-5 желтоқсан аралығында Санкт-Петербургте, "Комета" үстел теннисінің арнайы залында спорт шебері Николай Никитинді еске алуға арналған XXI халықаралық турнирі өтеді. 2009-2013 ж.т., 2006-2008 ж.т. жас санаттарында Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Өзбекстаннан келген ұлдар, мен қыздар сайысқа түседі. Біздің елдің намысын 15 жастағы Абдұлла Мамай (Түркістан) және 14 жастағы Қадырәлі Қабдылуахитов (Ақсу, Павлодар облысы) қорғайды. Біздің теннисшілерге сәттілік!

Талап Қойбағаров