Үнді үстел теннисі лигасы

20.06.2023

Кирилл Герасименко (Қазақстан), Квадри Аруна (Нигерия), Бенедикт Дуда (Германия), Джон Перссон (Швеция), Роблес Альваро (Испания), Омар Ассар (Мысыр), Барбора Балазова (Словакия), Лили Чжан (АҚШ), Янцзы Лю (Австралия), Сутасини Саветтабут (Таиланд), Хана Мателова (Чехия) және Наталья Байор (Польша) 13-30 шілде аралығында Пуна қаласындағы Махараштра штатында өтетін UTT-2023 Үнді үстел теннисі лигасының 4 маусымына шақырылды.

Барлығы алты команда және әрқайсысында 6 спортшы бар: екі легионер, төрт жергілікті ойыншы.

Біздің Кирилл Герасименко "Bengaluru Smasher" клубы үшін өнер көрсетеді. Сәттілік!


Талап Қойбағаров