Мықтылыққа кезекті сынақ

22.08.2018

Оломоуц қаласында үстел теннисі бойынша – Чехия ашық чемпионатының Әлемдік туры бастау алды. Кирилл Герасименко (Астана) мықты ойыншылардың тізімінде, үстел ойынына 23 тамызда шығады. Қазақстандықтан басқа медальға негізгі үміткерлер Дмитрий Овчаров (Германия), Томоказу Харимото (Жапония), Владимир Самсонов (Беларусь), Маркош Фрейташ (Португалия), Джонатан Грос (Дания), Нива Коки (Жапония), Кристиан Карлссон (Швеция). Кирилге табыс тілейміз!

Талап Қойбағаров